Өзбекстан президенті Қазақстанға келді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға келді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Жазылу
Мирзиёев бүгін Астанадағы "Орталық Азия-Қытай" екінші саммитіне қатысады
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Өзбекстан президенті Қазақстанға келді. Шавкат Мирзиёев бүгін Астанадағы "Орталық Азия-Қытай" екінші саммитіне қатысады.
Саммите сонымен қатар Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин қатысады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордаға кеше Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келді. Қасым-Жомарт Тоқаев оны Астана әуежайынан қарсы алды.
Құрметті қонақтар легі бүгін де жалғасып жатыр. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов те бас қалаға келді.
Саммитке қатысушылар аймақтық ынтымақтастықты нығайту, саяси диалогты кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету, көлік байланысын дамыту, энергетика, инновациялар мен тұрақты даму мәселелеріне қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.
Саммит қорытындысы бойынша Астана декларациясы мен Мәңгілік тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою жоспарланып отыр.
Президент Кыргызстана Садыр Жапаров прибыл в Астану - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанаға келді
Жаңалықтар
0