Астанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді

© Photo : "Bolashak Charity" қоғамдық қорының баспасөз қызметіАстанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді
Астанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Жазылу
Оқу 6 ай бойы аптасына екі рет, әр сабақ 3 сағаттан жүргізілді
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Астанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде кәсіби даярлық курсын аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Bolashak Charity" қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірімдер практикалық дағдыларды меңгерді

Еңбек мамандықтарының жылы аясында Астанада "Ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер мен ересектерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар" жобасының түлектеріне сертификат тапсыру рәсімі өтті.
© Photo : "Bolashak Charity" қоғамдық қорының баспасөз қызметіАстанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді
Астанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Астанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді
Ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер "Наубайшы", "Кондитер", "Тігінші" мамандықтары бойынша білім алды.
"Бағдарламаға 12-18 жас аралығындағы аутистикалық спектр бұзылыстары, жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі, психикалық даму тежелуі, Даун синдромы, нейросенсорлық есту қабілетінің төмендеуі, СДВГ жасөспірімдер мен дамуында ауытқулары бар ересектер қатысты", - деп жазылған хабарламада.
Оқу 6 ай бойы аптасына екі рет, әр сабақ 3 сағаттан, Астана қаласының Қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету колледжінің базасында жүргізілді.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер тігін, мата және тігін машиналарымен жұмыс, тағам дайындау, аспаздық және санитарлық негіздер, кондитерлік іс саласында практикалық дағдыларды меңгерді.
© Photo : "Bolashak Charity" қоғамдық қорының баспасөз қызметіАстанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді
Астанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Астанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді
Сабақ барысында қатысушылар өз бетінше жұмыс істеуге, өзіне деген сенімділікті арттыруға және болашақ мамандығына дайындалуға мүмкіндік алды.

Курсты бітіргендер жұмысқа орналасты

Жоба 2024 жылы "Bolashak Charity" қорының Қысқы қайырымдылық балында жиналған қаражат есебінен басталды. 2024 жылы курсты 34 жасөспірім аяқтады, олардың 10-ы колледжге түсіп, білім алуды жалғастыруда, 8 жасөспірім түрлі ұйымдарда тағылымдамадан өтті, олардың үшеуі жұмысқа орналасты.
"Бүгінде менталды бұзылыстары бар жасөспірімдерге кәсіби білім беру мәселесі өзекті болып отыр: 9 сыныптан кейін олар бейімделмеген бағдарламалар салдарынан мектепте оқуын жалғастыра алмайды. Осыған байланысты өткен жылдың басында біз колледждер базасында оқу-өндірістік комбинаттарын іске қостық, онда ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер мен ересектер практикалық сабақтар арқылы мамандық меңгеруде", — деп атап өтті "Bolashak Charity" қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан.
© Photo : "Bolashak Charity" қоғамдық қорының баспасөз қызметіАстанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді
Астанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Астанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді
Оның айтуынша бір жарым жыл ішінде шамамен 70 адам оқытылды.
"Менталды бұзылыстары бар адамдардың ерекшеліктерін ескере отырып, колледждерде оқу бағдарламаларын бейімдеу, оларды практикалық бағытта жасау және теориялық бөлігін қысқартса үлкен көмек болар еді. Қазақстандағы инклюзияны дамытудағы келесі қадам — менталды бұзылыстары бар адамдардың жұмысқа тұрып, сәтті еңбек ете алуы үшін оларды сүйемелдеушінің болуын қамтамасыз ету. Бұл үшін уәкілетті ұйымдар нормативтік-құқықтық актілер аясында барлық жағдайды жасауы өте маңызды", — деп толықтырды Динара Гаплан.

"Әр бала мектепке лайық" бағдарламасына – 10 жыл

"Bolashak Charity" қоғамдық қоры 2015 жылдан бастап аутизм және басқа да ментальды бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзивті білім беруді дамыту бағдарламасы – "Әр бала мектепке лайық" жобасын 10 жылдан бері сәтті жүзеге асырып келеді.
© Photo : "Bolashak Charity" қоғамдық қорының баспасөз қызметіАстанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді
Астанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді - Sputnik Қазақстан
1/5
Астанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді
© Photo : "Bolashak Charity" қоғамдық қорының баспасөз қызметіАстанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді
Астанада ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім колледжде даярлық курсын бітірді - Sputnik Қазақстан
2/5

3/5

4/5

5/5

Қор Қазақстан бойынша 90-нан астам арнайы жабдықталған оңалту мекемелері мен кабинеттер ашты, оның ішінде 24 қалада 71 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді. Жоба аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар 2000-нан астам бала қамтылды, соның ішінде 1000-нан астам бала үйде оқытудан мектепке оралды.
"Инклюзивті білім беру саласында 600 жаңа арнайы жұмыс орны құрылды. 4500-ден астам маман мен ата-ана инклюзивті білім беру және қолданбалы мінез-құлық талдауы бойынша оқудан өтті. Қордың шығармашылық бағдарламаларына 2500-ден астам балалар үйінің тәрбиеленушісі қатысты", - деп жазылған хабарламада.
Қор "Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудағы мінез-құлық технологиялары: диагностика, оқыту және қолдау стратегиялары" атты педагог-ассистенттерге арналған оқыту курсын әзірлеп, іске қосты. Бүгінгі таңда бұл курс бойынша Қазақстан мен Орталық Азияның 17-тен астам өңірінен 4000-ға жуық маман білім алды.
Жоба "Bolashak Charity" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Астана қаласы әкімдігі, "AMANAT" партиясы және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
Жаңалықтар
0