https://sputnik.kz/20250617/aqtau-turgyny-azyq-tulik-dukenindegi-kassirdi-urgany-ushin-sottaldy-video-54785698.html
Ақтау тұрғыны азық-түлік дүкеніндегі кассирді ұрғаны үшін сотталды (ВИДЕО)
Ақтау тұрғыны азық-түлік дүкеніндегі кассирді ұрғаны үшін сотталды (ВИДЕО)
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Ақтауда азық-түлік дүкенінде кассир әйелді ұрып-соғу фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Lada.kz. 17.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-17T20:37+0500
2025-06-17T20:37+0500
2025-06-17T20:37+0500
ақтау
дүкен
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Ақтауда азық-түлік дүкенінде кассир әйелді ұрып-соғу фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Lada.kz.Іс материалында анықталғандай, биылғы жылдың 13 мамырында сағат 02:31 шамасында М., 27-шағын ауданда орналасқан "Ақсу" дүкеніне масаң күйде барып, жәбірленуші Б.-ның бетінен қасақана жұдырықпен ұрған. Жанжалға дүкеншінің сыра сатудан бас тартуы себеп болған.Сотталушының кінәсі толық дәлелденді.Сот жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайды анықтамаған.Сотталушы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен (Бұзақылық) кінәлі деп танылып, оған алты айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Еске салайық, 13 мамырда әлеуметтік желіде 27-шағын аудандағы азық-түлік дүкенінің бақылау камерасына түсіп қалған видео тараған болатын. Кадрдан ер адамның кассир әйелге жұдырық жұмсағаны көрінеді.Кейінірек күдіктіні полиция ұстады.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, дүкен
Ақтау тұрғыны азық-түлік дүкеніндегі кассирді ұрғаны үшін сотталды (ВИДЕО)
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Ақтауда азық-түлік дүкенінде кассир әйелді ұрып-соғу фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Lada.kz. Іс материалында анықталғандай, биылғы жылдың 13 мамырында сағат 02:31 шамасында М., 27-шағын ауданда орналасқан "Ақсу" дүкеніне масаң күйде барып, жәбірленуші Б.-ның бетінен қасақана жұдырықпен ұрған. Жанжалға дүкеншінің сыра сатудан бас тартуы себеп болған.
Сотталушының кінәсі толық дәлелденді.
"Прокурор М.-ны бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші Б., соттан заңға сәйкес қатаң жаза кесуді сұрады. М. өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза кесуді сұрады", - деп хабарлады сот.
Сот жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайды анықтамаған.
Сотталушы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен (Бұзақылық) кінәлі деп танылып, оған алты айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 13 мамырда әлеуметтік желіде 27-шағын аудандағы азық-түлік дүкенінің бақылау камерасына түсіп қалған видео тараған болатын. Кадрдан ер адамның кассир әйелге жұдырық жұмсағаны көрінеді.
Кейінірек күдіктіні полиция ұстады.