Сәтбаев қаласында 13 жастағы қызды көлік қағып өлтірді

Жазылу
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Сәтбаев қаласында 13 жастағы қызды көлік қағып кетті.

Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Көлік 13 жастағы жасөспірімді жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтіп бара жатқанда қағып кеткен.

Жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу басталды.

Полицияның мәліметінше, жолда жаяу жүргіншілер белгісі болмаған.

Тиісті таңбаның жоқтығы үшін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары жауапқа тартылды.

Тергеу барысы облыстық полиция басшылығының бақылауында.

@sputnik_aitady
Жаңалықтар
0