Екінші АЭС қайда салынатыны күзге қарай белгілі болады – Скляр
16:25 17.06.2025 (жаңартылды: 18:16 17.06.2025)
Жазылу
Екінші АЭС қайда салынатыны күзге қарай белгілі болады – Скляр
Бірінші вице-премьер екінші АЭС бойынша шешімнің бәрі күзге қарай шығады деген болжам айтты.
«Бұл мәселені созбайтын шығармыз. Сондықтан күзге қарай нақты сандар, қандай да бір деректер белгілі болады. Бәлкім одан ерте болуы мүмкін», - деді Роман Скляр.
Екі АЭС құрылысының нақты мерзімі мен құны техникалық-экономикалық негіздеме аяқталғаннан кейін белгілі болады.
▪Бұған дейін Ресейдің "Росатом" компаниясы алғашқы АЭС-тің құрылысын жүргізетіні хабарланды. Ал екінші АЭС-ті қытайлық СNNC салуы мүмкін.
@sputnik_aitady