Қостанайда емтихан тапсырып жатқан студенттерді әскерге алып кеткен

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қостанайда емтихан тапсырып жатқан студенттерді әскерге алып кеткен.
Желіде оқиға орнынан видео тарады.
«Құрылыс колледжіне әскерилер сұхбат жүргізу мақсатында келген. Кейін 3-курс студенттерін емтихан тапсырып болған соң, әскери комиссариатқа алып кеткен. Ал емтихан тапсырушылар колледжде заң бойынша 30 маусымға дейін «студент» болып жүре алады», - дейді видео авторы.
Бұл жайтқа қатысты Қостанай облысы қорғаныс департаментінің өкілдері жауап берді.
Айтуларынша, әскери қызмет мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары үшін 2025 жылғы түлектермен кездесу ұйымдастырыпты.
«Оқу бағдарламасын аяқтаған студенттер облыстық жиын пунктіне шақырылып, алдын ала рәсімдерден – медициналық тексеру мен психологиялық тестілеуден өткен», - дейді ведомстводағылар.
Студенттердің ешқайсысы күшпен немесе себепсіз ұсталған жоқ дейді департаменттегілер.
@sputnik_aitady
Жаңалықтар
0