"Орталық Азия – Қытай": Астанада маңызды құжаттарға қол қойылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы “Орталық Азия – Қытай” саммиті
Астанадағы “Орталық Азия – Қытай” саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Жазылу
Форумның пленарлық отырысына Қытайдың алпауыт компаниялары қатысты
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Астанада "Орталық Азия – Қытай" саммиті аясында алғаш рет "Power Central Asia + China" энергетикалық форумы ашылды. Соның аясында Қазақстан мен Қытай арасында маңызды құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Форумның пленарлық отырысына Қытайдың алпауыт компаниялары қатысты. Ал отырыстан кейін бірнеше маңызды құжат рәсімделді.
Мәселен, "China National Chemical Engineering" компаниясымен жасалған келісім аясында жылына 2 млрд текше метр газ өңдеуге арналған көмір химия зауыт жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленеді.
Сонымен қатар, China Energy Түркістан облысында "Сауран" күн электр станциясын іске қосуға көмектессе, China Southern Power Grid цифрлық энергетика және гидроаккумуляциялық станциялар саласындағы бірлескен жобаларға атсалысады. Ал China Construction Bank QazaqGaz тобының инвестициялық жобаларын қаржыландырады. Несиелік желінің жалпы көлемі 1 млрд долларды құрайды.
Бұдан бөлек, China Energy International және Шанхай Цзяотун университетімен де келісім жасалды. Соның аясында көмірсутектерді терең өңдеу және сутегі технологияларын дамыту саласында әріптестік байланыстар орнатылды.
Айта кетері, Қазақстанға Қытай төрағасы Си Цзиньпин келді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ҚХР төрағасы "Қытай-Орталық Азия" саммитіне қатысады.
Встреча премьера Бектенова с главой Shandong Energy Group Co. Ли Вэем - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Қытай Қарағанды ​​облысында көмір химия зауытын салады
Жаңалықтар
0