Тұтынушылар құқығы қорғалды: бес айда 800 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

© Sputnik / Владислав ВодневЖеңілдетілген автокредит
Жеңілдетілген автокредит - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Жазылу
Азаматтар тіпті 700 теңге тұратын сапасыз ойыншыққа қатысты да өтемақы талап етіп, өз құқықтарын қорғаған
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Қазақстандықтар 2025 жылдың алғашқы бес айында қомақты қаражат қайтарып алды, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті тұтынушылардың шағымдары бойынша жүргізген жұмыс нәтижесінде жалпы сомасы 881,3 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Министрлік мәліметінше, шағымдар көбінесе сапасыз тауарлар (автокөліктер, косметика, ұялы телефондар), орындалмаған қызметтер (шипажай жолдамалары, қоғамдық тамақтану, фитнес, туризм), сондай-ақ рәсімделмеген немесе уақтылы берілмеген жылжымайтын мүлікке қатысты болды.
Ведомство тұтынушы құқығының бұзылуы бойынша мынандай деректер келтірді:
Алматы қаласында тұтынушы 215 млн теңгеге сатып алған, бірақ үшінші тұлғаға сатылып кеткен жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты дау департаменттің араласуымен оң шешімін тапты.
Қарағанды облысында 45 күннен аса уақыт берілмеген пәтер бойынша шарт талаптарының орындалуы қамтамасыз етіліп, тұтынушы 33,5 млн теңге тұратын жылжымайтын мүлікке қол жеткізді.
Семей қаласында қоғамдық тамақтану орнында тұтынушының тапсырысы орындалмай, мекеме тұтынушылар бұрышын орналастыру міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақтөбе облысында тұтынушының туроператорларға қатысты шағымы бойынша сотқа дейінгі және сот процесінде департамент мамандары қолдау көрсетіп, нәтижесінде 6,6 млн теңге өтемақы өндіріліп берілді.
Павлодар мен Жетісу облыстарында ондаған тұтынушының құқықтары топтық негізде қорғалды: косметика жиынтығы үшін рәсімделген 10,8 млн теңге несие мен жеткізілмеген смартфондар үшін 7,2 млн теңге қайтарылды.
Түркістан облысында Дубай қаласына орындалмаған тур үшін 1,2 млн теңге қайтарылып, Шымкентте санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін жерде көрсетілген фитнес қызметтері үшін тұтынушыларға өтемақы берілді.
Азаматтар тіпті 700 теңге тұратын сапасыз ойыншыққа қатысты да өтемақы талап етіп, өз құқықтарын қорғады.
Жұмбақтас - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Әкімдіктерге ұлттық саябақтарда туризм инфрақұрылымын салу құқығы берілуі мүмкін
Жаңалықтар
0