https://sputnik.kz/20250616/salyqty-keyinge-qaldyruga-nemese-bolip-toleuge-bolady-54733759.html
Салықты кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге болады
Салықты кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Салық төлеу мерзімін кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге болады. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер... 16.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-16T20:31+0500
2025-06-16T20:31+0500
2025-06-16T20:31+0500
салық
салық төлеуші
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Салық төлеу мерзімін кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге болады. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.Салық кодексінің 49 және 51-баптары сақталған жағдайда қаржылық қиындықтарға тап болған салық төлеуші салық төлеу мерзімін өзгерту туралы өтініш білдіруге құқылы.Қандай сома кейінге қалдырылуы немесе бөліп төленуі мүмкін?Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу келесі салық және (немесе) төлем сомасына қолданылады:Қандай салықтарға бұл тәртіп қолданылмайды?Салық төлеу мерзімін өзгерту мынадай салықтар мен төлемдерге қолданылмайды:Қандай мерзімге беріледі?Кейінге қалдыру – салықтар және (немесе) төлемдердің толық сомасын біржолғы төлеу шарттарымен 6 айға дейінгі мерзімге беріледі.Бөліп төлеу – 3 жылға дейінгі мерзімге, ай сайын немесе тоқсан сайын тең үлестермен төлеу шарттарымен беріледі. Егер бөліп төлеу мерзімі 1 жылдан асатын болса, ол жылжымайтын мүлік кепілдігімен ғана беріледі.Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін не қажет?Салық төлеуші белгіленген нысан бойынша өтінішті тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына www.eotinish.kz сайты арқылы e-Otinish сервисі арқылы ұсынуы қажет. Өтініштер салық органына келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қаралады.Өтінішке қоса беріледі:Өсімпұл төлеу тәртібіКейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мерзімі ішінде салық төлеушіге өсімпұл есептеледі. Форс-мажор, оңалту рәсімі қолданылғанда өсімпұл есептелмейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, салық төлеуші
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Салық төлеу мерзімін кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге болады. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.
Салық кодексінің 49 және 51-баптары сақталған жағдайда қаржылық қиындықтарға тап болған салық төлеуші салық төлеу мерзімін өзгерту туралы өтініш білдіруге құқылы.
Қандай сома кейінге қалдырылуы немесе бөліп төленуі мүмкін?
Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу келесі салық және (немесе) төлем сомасына қолданылады:
салық төлеуші салық есептілігінде дербес есептеген сомаларға;
салық органдары салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептеген сомаларға;
уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде есептелген сомаларға.
Қандай салықтарға бұл тәртіп қолданылмайды?
Салық төлеу мерзімін өзгерту мынадай салықтар мен төлемдерге қолданылмайды:
төлем көзінен ұсталатын салықтар;
ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импортталатын тауарларға ҚҚС;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін салықтар мен төлемдер;
Қандай мерзімге беріледі?
Кейінге қалдыру – салықтар және (немесе) төлемдердің толық сомасын біржолғы төлеу шарттарымен 6 айға дейінгі мерзімге беріледі.
Бөліп төлеу – 3 жылға дейінгі мерзімге, ай сайын немесе тоқсан сайын тең үлестермен төлеу шарттарымен беріледі. Егер бөліп төлеу мерзімі 1 жылдан асатын болса, ол жылжымайтын мүлік кепілдігімен ғана беріледі.
Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін не қажет?
Салық төлеуші белгіленген нысан бойынша өтінішті тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына www.eotinish.kz сайты арқылы e-Otinish сервисі арқылы ұсынуы қажет. Өтініштер салық органына келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қаралады.
кепілге берілетін мүлікке қатысты құжаттар (бағалау есебін қоса алғанда);
осы мүлікке өзге ауыртпалықтардың (кепілдердің) жоқтығы туралы мәліметтер;
болған жағдайда – банктік кепілдік.
Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мерзімі ішінде салық төлеушіге өсімпұл есептеледі. Форс-мажор, оңалту рәсімі қолданылғанда өсімпұл есептелмейді.