https://sputnik.kz/20250616/qytaydyn-qazaqstandagy-turizm-zhyly-ashyldy-54721432.html
Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы ашылды
Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы ашылды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда Қытай туристеріне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін Welcome Chinese бағдарламасы енгізіледі 16.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-16T20:52+0500
2025-06-16T20:52+0500
2025-06-16T20:52+0500
туризм
қытай
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/06/10/54721525_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_37df2b42d710fcd444d8cdc07ff4014d.jpg
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Астанадағы Ұлттық музейде Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы және "Жібек пен Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға" атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.Министр Ербол Мырзабосынов бүгінде екі ел арасындағы қатынастар "Бір белдеу. Бір жол" бастамасы аясында жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын, бұл ретте туризм саласы қос халықты жақындастыратын негізгі факторға айналғанын жеткізді.Сондай-ақ Мырзабосынов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы туризм жылы аясында екі ел арасындағы туристік бастамаларды қолдау мақсатында бірқатар шараны ұсынды.Атап айтқанда, Қазақстанда Қытай туристеріне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін Welcome Chinese бағдарламасын енгізу. Бағдарлама қонақ үйлердің, туристік компаниялар мен нысандардың Қытайдан келетін қонақтардың қажеттілігіне бейімделуге көмектеседі. Бұдан бөлек, туризм, спорт және мәдениетті тоғыстыратын бірегей шекаралық марафон ұйымдастыру және туристік жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ұтқырлықты арттыру арқылы білім мен тәжірибе алмасу ұсынылды.Айта кетері, 2024 жыл Қазақстан мен Қытай үшін туризмді өзара дамытуда маңызды кезең болды. Былтыр "Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы" аясында Қытайдың ірі қалаларында 37 іс-шара ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде туристер ағыны бірнеше есе артты. Былтыр елімізге Қытайдан 655 мың турист келді. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 78% жоғары (2023 жылы – 367 мың адам).
https://sputnik.kz/20250128/toqaev-turizm-turaly-zhumys-mardymsyz-zhurip-zhatyr-50354554.html
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/10/54721525_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_36996dd64c85e1d8c4e184286b12f908.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм, қытай, қазақстан
Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы ашылды
Қазақстанда Қытай туристеріне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін Welcome Chinese бағдарламасы енгізіледі
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Астанадағы Ұлттық музейде Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы және "Жібек пен Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға" атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Министр Ербол Мырзабосынов бүгінде екі ел арасындағы қатынастар "Бір белдеу. Бір жол" бастамасы аясында жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын, бұл ретте туризм саласы қос халықты жақындастыратын негізгі факторға айналғанын жеткізді.
"Былтыр Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 2025 жылды "Қазақстандағы Қытай туризмі жылы" деп жариялады. Бұл 2024 жылғы "Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының" заңды жалғасы саналады. Ауқымды іс-шара екі ел арасындағы туристік ынтымақтастықтың жаңа парағын ашып отыр", - деді туризм және спорт министрі.
Сондай-ақ Мырзабосынов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы туризм жылы аясында екі ел арасындағы туристік бастамаларды қолдау мақсатында бірқатар шараны ұсынды.
Атап айтқанда, Қазақстанда Қытай туристеріне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін Welcome Chinese бағдарламасын енгізу. Бағдарлама қонақ үйлердің, туристік компаниялар мен нысандардың Қытайдан келетін қонақтардың қажеттілігіне бейімделуге көмектеседі. Бұдан бөлек, туризм, спорт және мәдениетті тоғыстыратын бірегей шекаралық марафон ұйымдастыру және туристік жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ұтқырлықты арттыру арқылы білім мен тәжірибе алмасу ұсынылды.
Айта кетері, 2024 жыл Қазақстан мен Қытай үшін туризмді өзара дамытуда маңызды кезең болды. Былтыр "Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы" аясында Қытайдың ірі қалаларында 37 іс-шара ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде туристер ағыны бірнеше есе артты. Былтыр елімізге Қытайдан 655 мың турист келді. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 78% жоғары (2023 жылы – 367 мың адам).