Минскте ЕАЭО-БАӘ бизнес диалогы өтеді

© Sputnik / Медиабанкке өтуГорода мира. Минск
Города мира. Минск - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Жазылу
26 маусымда өтетін іс-шараға мемлекеттік органдар мен іскер топ өкілдері қатысады
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-БАӘ бизнес диалогы Минскте 26 маусымда өтетінін хабарлады.
Іс-шара Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімге қол қоюға орайластырылып отыр.
Бизнес диалог мемлекеттік органдардың, іскер топтардың, сондай-ақ Еуразиялық "бестік" елдері мен БАӘ сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен өтеді. Онда тауар айналымының 90%-дан астамына және өнім ассортиментінің 85%-дан астамына әсер ететін сауда мәмілесі қарастырылады.
Беларусьте тараптар ынтымақтастық және тарифтік емес кедергілерді жою, сыртқы экономикалық қызмет операторларының проблемалары, жеткізу тізбегін құру жолдары, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және басқа да мәселелерді талқылайды.
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
ЕАЭО-ның толыққанды валюта нарығы 2030 жылға қарай іске қосылуы мүмкін
Жаңалықтар
0