"Бауырына салу" картинасы халықаралық кинофестивальде үздік фильм атанды

© Sputnik / Айдана Дайырова"Бауырына салу" фильмін түсіруге не себеп болды
Бауырына салу фильмін түсіруге не себеп болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Жазылу
Фильм Қазақстан атынан 2025 жылғы "Оскар" сыйлығына ұсынылған болатын
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Қазақстандық режиссёр Асхат Күчинчерековтың "Бауырына салу" картинасы XII Забайкалье халықаралық кинофестивалінде "Жаңа көзқарас" конкурсының үздік фильмі деп танылды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Фестиваль Ресейдің Чита қаласында.
"Бауырына салу" фильмі әжесінің тәрбиесінде өскен баланың тағдырын баяндайды.
"Фильмде көне қазақ дәстүрі – бауырына салу айқын көрініс табады. Әжесі қайтыс болған соң бала ата-анасына оралып, олармен қайта байланыс орнатуға тырысады. Бұл – режиссёрдің өз басынан өткен оқиғаларға негізделген туынды", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, "Бауырына салу" фильмі бұған дейін де халықаралық деңгейде жоғары бағаланған. Ол Asia Pacific Screen Awards байқауында үздік жасөспірімдер фильмі атанды, Әзербайжанда өткен Baku International Film Festival-дің бас жүлдесін иеленді, Франциядағы Cinema Heritage Festival-де арнайы марапатқа ие болды.
Сондай-ақ фильмнің операторы Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival-де "Үздік оператор" номинациясы бойынша марапатталды.
Фильм Қазақстан атынан 2025 жылғы "Оскар" сыйлығына "Шетел тіліндегі үздік фильм" санатында ресми түрде ұсынылған болатын.
Фильм Бауырына салу выдвинут на Оскар - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2024
Мәдениет
"Бауырына салу" фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
Жаңалықтар
0