Азаматтарды 25 млн теңгеге алдаған туристік агент сотталды

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaAir Astana ұшағы
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Жазылу
Орал қалалық сотының үкімімен ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Орал қаласында туристік қызмет көрсету түрімен жасалған алаяқтық әрекет тоқтатылды, деп хабарлады бас прокуратура.
Орал қаласының тұрғыны анасын жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, жалған туристік қызметін ұйымдастырған.
"Заңды бизнестің көрінісін жасай отырып, ол әлеуметтік желілерде жарнама орналастырып, клиенттермен ресми келісімшарттар жасап, фискалдық чектер берген және мессенджерлер арқылы байланыс жүргізген. Бұл азаматтардың оның қызметіне деген жалған сенімін қалыптастырған", - деп жазылған хабарламада.
15-тен астам адам алаяқтың құрбаны болды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асқан.
Орал қалалық сотының үкімімен қаскүнем екі және одан да көп адамға қатысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге және 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жоқ жиһазды сатқан алаяқ сотталды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Жоқ жиһазды сатқан алаяқ сотталды
Жаңалықтар
0