Үндістанда тікұшақ құлап, 7 адам қаза тапты

© Photo : Telegram/RostecВертолет Ми-171А3
Вертолет Ми-171А3 - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2025
Жазылу
Қаза болғандардың ішінде екі жасар бала бар
АЛМАТЫ, 15 маусым - Sputnik. Үндістанда тікұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза болды, оның біреуі бала, деп хабарлайды РИА Новости News18-ке сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, қайғылы оқиға жексенбі күні таңертең болған. Бортта алты жолаушы мен бір ұшқыш болды, дейді ақпарат көзі.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері Джерси-Ситидегі Гудзон өзенінде тікұшақ құлаған жерде жұмыс істеп жатыр.
"Қайғылы оқиға Уттаракхандта болды: Кедарнат ғибадатханасына бара жатқан тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы барлық жеті адам қайтыс болды", - делінген телеарнаның әлеуметтік желісінде.
Қайғылы оқиғаға ауа айының қолайсыздығы себеп болды деген болжам айтылды, деп хабарлады ANI.
Айта кетейік, 12 маусымда Үндістанда жолаушылар отырған ұшақ апатқа ұшырады. Ол дәрігерлер жатақханасының үстіне құлаған.
В Индии потерпел крушение пассажирский самолет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Үндістанда жолаушылар ұшағы құлады
Жаңалықтар
0