https://sputnik.kz/20250615/tmd-elderi-uyymdasqan-qylmysqa-qarsy-qalay-kurespek-54681924.html
ТМД елдері ұйымдасқан қылмысқа қарсы қалай күреспек
ТМД елдері ұйымдасқан қылмысқа қарсы қалай күреспек
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 маусым - Sputnik. Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрліктерінің жедел бөліністері басшыларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл... 15.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-15T13:20+0500
2025-06-15T13:20+0500
2025-06-15T13:24+0500
тмд
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0c/28412933_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_aae6cc32b5950a5e1169dfe241dc859a.jpg
АЛМАТЫ, 15 маусым - Sputnik. Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрліктерінің жедел бөліністері басшыларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кеңесі өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.Іс-шарада Қазақстан ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов сөз сөйледі. Ол ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ғана емес, жалпы қылмыстың барлық түрлеріне қарсы іс-қимылда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және өзекті қауіп-қатерлерге ден қоюда мемлекетаралық өзара байланысты нығайтудың маңызды екенін айтты. Сондай-ақ кеңесте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті үйлестіру бюросының директоры полиция генерал-лейтенанты Олег Коновалов, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан ішкі істер министрліктерінің басшылары да баяндама жасады.Айта кетейік, жиынға қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстан ішкі істер министрлігіне ризашылық білдірді.
https://sputnik.kz/20250219/uyymdasqan-qylmystyq-toptyn-mushesi-reseyden-ekstraditsiyalandy-50983329.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0c/28412933_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_a5563146927a9c54760574fde51c099b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд
ТМД елдері ұйымдасқан қылмысқа қарсы қалай күреспек
13:20 15.06.2025 (жаңартылды: 13:24 15.06.2025) АЛМАТЫ, 15 маусым - Sputnik. Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрліктерінің жедел бөліністері басшыларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кеңесі өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шарада Қазақстан ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов сөз сөйледі. Ол ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ғана емес, жалпы қылмыстың барлық түрлеріне қарсы іс-қимылда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және өзекті қауіп-қатерлерге ден қоюда мемлекетаралық өзара байланысты нығайтудың маңызды екенін айтты.
Сондай-ақ кеңесте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті үйлестіру бюросының директоры полиция генерал-лейтенанты Олег Коновалов, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан ішкі істер министрліктерінің басшылары да баяндама жасады.
"Кездесу барысында қарудың заңсыз айналымы арналарының жолын кесу, жедел ақпаратпен алмасуды күшейту және қылмыстық топтарға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жиынға қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстан ішкі істер министрлігіне ризашылық білдірді.