Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украинамен келіссөзді 22 маусымнан кейін жалғастыруға дайын - Путин

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуРабочий визит президента РФ В. Путина в Японию для участия в саммите "Группы двадцати"
Рабочий визит президента РФ В. Путина в Японию для участия в саммите Группы двадцати - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды РИА Новости.
Әңгіме барысында Путин Ресейдің Украина тарапымен келіссөздерді 22 маусымнан кейін жалғастыруға дайын екенін айтты, деп мәлім етті Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
Президенттер телефон арқылы 50 минут сөйлесті. Путин Трампты 2 маусымда Ыстанбұлда Ресей мен Украина делегацияларының кездесуінде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы туралы хабардар етті.
"Ресей тарапы 22 маусымнан кейін украиналықтармен келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін білдірді. Дональд Трамп бұл ақпаратты назарға алды", - деді Ушаков журналистерге.
Әңгіме барысында Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтатуға мүдделі екенін атап өтті.
Президент США Трамп объявил о введении пошлин на продукцию других стран - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украина қақтығысының ушығуына наразылық білдірді
Жаңалықтар
0