Атырау облысында қамыс жанды

© Photo : МЧС РККамыш горел на побережье Каспия
Камыш горел на побережье Каспия - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Атырау облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе техникасы қамыс өртін сөндіріп жатыр.
"Қазавиақұтқару" АҚ су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағымен өрт ошақтарына 27 рет, жалпы көлемі 81 тонна су төгілді. Өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 52 адам және 10 техника, сондай-ақ ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
Оқиға орнында ақпарат алмасу мақсатында командалық-штабтық автокөлік арқылы байланыс орнатылды.
Қазіргі уақытта 20 га аумақтағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Спасатели  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Өрт сөндірушілерге тұрғын үй төлемі қай айдан бастап беріледі – министрлік жауап берді
Жаңалықтар
0