Кишиневте ЛГБТ*-ға қарсы наразылық өтіп жатыр: полиция қатысушыларға күш қолданды

Жазылу
Молдова астанасында бірден үш шеру өтті
Sputnik Молдова полицейлердің күш қолданғаны туралы хабарлайды. Бір видеода полиция қызметкерлері қолында баласы бар ер адамды автобусқа итеріп кіргізбек болды.
Тағы бір видеодан олар ЛГБТ*-ға қарсы шеруге қатысқан діни қызметкерді құлатып жықса, енді бірінде баланы әкесінің қолынан жұлып алады.
Кишиневте бүгін халық дәстүрлі құндылықтарды қолдап шеруге шықты.Олар отбасын ер мен әйелдің одағы деп айқындайтын конституцияның сақталуын талап етті.

*Қозғалыс Ресейде экстремистік деп танылған және тыйым салынған.
Жаңалықтар
0