Таяу Шығысқа ұшуға тыйым салынды – министрлік шұғыл мәлімдеме жасады

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaСамолет Air Astana
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2025
Жазылу
Нұсқау отандық әуе тасымалдаушылардың барлық рейстеріне қатысты
АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Көлік министрлігі азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігінде және оған жақын аймақтарда ұшуға толық тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шектеу арнайы бұйрық шыққанға дейін күшінде болады. Нұсқау отандық әуе тасымалдаушылардың барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк, сондай-ақ техникалық рейстеріне қатысты.
"Осыған байланысты туристерден жағдайды жіті қадағалап, сапарларын, әсіресе БАӘ мен Парсы шығанағы елдеріне баруды мұқият жоспарлауды сұраймыз. Аталған өңірдегі ахуал өзгерген жағдайда, Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаменті қосымша ақпарат ұсынады", - дейді ведомство.
Туризм және спорт министрлігі жағдайды жіті бақылауда ұстап, жауапты мемлекеттік органдар, елшіліктер және туроператорлармен тұрақты байланысып отыр. Қажет болған жағдайда министрлік Туристік Қамқормен және әуекомпаниялармен бірлесіп туристерді қайтарады.
Тегерандағы жағдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2025
Иран Израильге жауапты соққы жасады - зардап шеккендер саны 70-тен асты
Жаңалықтар
0