Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Рада депутаты Украинада тағы қанша адам мобилизациялануы мүмкін екенін айтты

© AP Photo / Alexei AlexandrovВооруженный украинский военнослужащий, архивное фото
Вооруженный украинский военнослужащий, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2025
Жазылу
Мобилизациялау жасын 18 жасқа дейін қысқарту Украинаға бір мезгілде қосымша 700 мың адамды мобилизациялауға мүмкіндік береді
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Украина ең төменгі мобилизациялау жасын бір жылға қысқартқан сайын 100 мың адамды қосымша әскерге шақыра алады, деп мәлімдеді Жоғарғы Раданың депутаты Сергей Евтушок.
"Қорғаныс органдары, яғни Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың комитеттері жыл сайын (мобилизациялау жасы қысқартылған жағдайда – ред.) қосымша 100 мың адамды есепке алып отыр. Қазіргі ең төменгі мобилизациялау жасы – 25 жас, егер ол 24 жасқа ауыстырылса, тағы 100 мың қосылады, олар осылай есептеп отыр", – деп мәлімдеді Евтушок украиналық "Новости.Live" телеарнасының эфирінде.
Евтушок атап өткендей, мобилизациялау жасын 18 жасқа дейін қысқарту Украинаға бір мезгілде қосымша 700 мың адамды мобилизациялауға мүмкіндік береді. Депутаттың айтуынша, Киев кулуарларында батыстық серіктестердің мобилизациялау жасын кәмелеттік жасқа дейін төмендетуді талап еткені туралы қауесет қызу талқыланып жатыр, алайда батыс елдері ресми түрде әлі мұндай талап қойған жоқ.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
"Көңілім қалды": Трамп Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер жайлы айтты
Жаңалықтар
0