Біз Қазақстанның шешімін құптаймыз – "Росатом" басшысы

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуГенеральный директор госкорпорации "Росатом" Алексей Лихачев
Генеральный директор госкорпорации Росатом Алексей Лихачев - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. "Росатомның" Қазақстанда АЭС салатыны туралы хабарламаға корпорация түсініктеме берді.
"Біз Қазақстанның атом электр станциясын салу жобасын бастау туралы шешімін құптаймыз. Нәтижесінде әлемдегі ең озық және тиімді жоба бойынша атом электр станциясының құрылысы жүргізіледі, оның негізінде ресейлік технологиялар жатыр", - деді мемлекеттік корпорацияның бас директоры Алексей Лихачев.
Сондай-ақ корпорация реакторларға сипаттама берді.
ВВЭР-1200 реакторлары қазірдің өзінде Ресейде және одан тыс жерлерде жұмыс істейді – Ресейде төрт блок және Беларусьта екі блок бар, бұл технологияны Венгрия, Египет, Түркия, Бангладеш және Қытайдағы серіктестеріміз де таңдады.
"Халықаралық жобаларды іске асыру кезінде "Росатом" әрдайым шетелдік жабдықтаушылармен кең кооперацияға сүйенетінін атап өткен жөн, бұл тапсырыс берушінің жағдайына неғұрлым заманауи және бейімделген техникалық шешімдерді пайдалануға мүмкіндік береді", - деді Лихачев.
Алда әлі де көп жұмыс күтіп тұр, біз Ресей мен Қазақстан басшылығының көмегі мен қолдауына шын жүректен сенеміз, деп атап өтті "Росатом" корпорациясы.
Бүгін таңертең қазақстандық Атом энергиясы агенттігі "Росатом" компаниясы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жобасы бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде белгіленгенін хабарлады.
АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2025
Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысын жүргізетін компания белгілі болды
Жаңалықтар
0