Атом электр станциясына Қазақстан иелік етеді – Сәтқалиев

© Sputnik / Санат ИмангалиевРоман Скляр
Роман Скляр - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2025
Жазылу
Еліміздің өз уран қоры бар және қазірдің өзінде жанармай таблеткаларын шығарып жатыр
АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Ресей мен Қытай салып беретін Атом электр станцияларына Қазақстан иелік етеді. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
"Қазақстан уран шикізатының иесі, операторы және өндірушісі, сондай-ақ болашақ атом электр станциясының барлық технологиялық процесінің иесі болады", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Оның айтуынша өзара іс-қимыл формуласы қарапайым.
"Олар келеді, салады, оқытады, содан кейін кетеді", - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар Қазақстанда жылу шығаратын өнімдер өндірісі ашылады.
"Еліміздің өз уран қоры бар және қазірдің өзінде жанармай таблеткаларын шығарып жатыр", - деп түсіндірді Сәтқалиев.
Еске сала кетейік, "Росатом" компаниясы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жобасы бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде анықталды. Қазіргі уақытта "Росатом" ұсынған ұсыныстар негізінде Ресей Федерациясы тарапынан мемлекеттік экспорттық қаржыландыру тарту мәселесі пысықталуда.
Сондай-ақ Атом энергиясы агенттігі қытайлық СNNC Қазақстанда тағы бір атом электр станциясын салатынын мәлімдеді.
АЭС  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2025
Қазақстандағы тағы бір атом электр станциясын қытайлық компания салады
Жаңалықтар
0