Қазақстан құрамасы алғаш рет волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы атанды

Жазылу
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Қазақстан құрамасы алғаш рет волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

Жарыс Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Қазақстан финалда Қытай командасын 3:2 есебімен (22:25, 19:25, 25:19, 25:20, 8:5) жеңді.

Жарыс барысында Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы, Жапония және Аустралия командаларын, ал жартылай финалда Таиланд құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Қытай және үшінші орынды Таиланд құрамасы иеленді.

@sputnik_aitady
Жаңалықтар
0