"Самұрық-Қазына" биыл 46 инвестициялық жобаның бесеуін іске қосты

© Sputnik / Санат ИмангалиевПредседатель правления АО "Самрук-Казына" Нурлан Жакупов
Председатель правления АО Самрук-Казына Нурлан Жакупов - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері "Самұрық-Қазына" құны 355 млрд теңгеден ($693,7 млн) асатын бес инвестициялық жобаны іске қосты, деп хабарлады қор басшысы Нұрлан Жақыпов.
"Самұрық-Қазына" дерегі бойынша қор мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, көлік-логистика, тау-кен және басқа да секторларда барлығы 46 жобаны іске асыруда. Бұл жобалар бойынша биыл 4 айда қаражаттың 98% игерілді.
Қандай жобалар пайдалануға берілді
1.
Ақтау портындағы контейнерлік хаб. Ол теміржол құрамдарын қабылдауға, жүктерді өңдеуге және оларды теңіз көлігімен әрі қарай тасымалдауға мүмкіндік береді.
2.
Алматыдағы Zhetysu халықаралық логистикалық терминалы. Жобалық қуаты 115 мың ЖФЭ (жиырма футтық контейнерлер) болады, ол Сиань портымен бірлесіп іске асырылды.
3.
Ақтаудағы Caspi Bitum зауытын жаңғырту – оның қуаттылығы 50%-ке, яғни жылына 750 мың тоннаға дейін ұлғайды.
4.
Алматыда 350 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулардың жоғары технологиялық ғылыми орталығы.
5.
Кендірліде тұщыландыру зауытының құрылысы, онда қазір іске қосу-баптау жүргізіледі және жабдықтар бапталады. Бұл жоба аяқталып келеді.
"Жетісу облысында ұзындығы 302,4 км Талдықорған – Үшарал магистральдық газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы кестеден бұрын аяқталды", - деп атап өтті қор.
Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" қоры полиэтилен өндіруге арналған газ бөлу кешені және "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральды газ құбырының екінші желісі бойынша құрылыс жұмыстарын ерте бастады.
Премьер Бектеновтың қатысуымен өткен Директорлар кеңесінің отырысында қордың негізгі қаржылық және өндірістік көрсеткіштеріне және сатып алу процесін жетілдіру жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударылды.
Жаңалықтар
0