Қытай компаниясы "Созақ" кен орнында газ өндіру жобасын жүзеге асырады

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Атырауский нефтеперерабатывающий завод
Атырауский нефтеперерабатывающий завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Жазылу
Бұған дейін кәсіпорын Қазақстанда мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашқан
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Geo-Jade Petroleum басшысы Ван Вэньтаомен "Созақ" кен орнында газ өндіру жобасын жүзеге асыру барысын талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Жиында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық және күрделі жолмен алынатын газды өндіру жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Аталған жоба Қызылорда облысындағы "Созақ" кен орнында жүзеге асырылуда", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты жалғастыруға және дәстүрлі емес ресурстардың әлеуетін ашуға мүдделі.
Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс топтары деңгейінде жұмыс жалғасатынын атап өтті.
Geo-Jade Petroleum – Қазақстанда 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан мұнай мен газды барлау және өндіру бойынша ірі қытайлық компания. Бұған дейін кәсіпорын Қазақстанда $3 млрд-тан асатын бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып, 1 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашқан.
Жаңалықтар
0