https://sputnik.kz/20250613/qaza-tapqan-politseydin-otbasyna-avtokolik-kilti-tabystaldy-54641755.html
Қаза тапқан полицейдің отбасына автокөлік кілті табысталды
Қаза тапқан полицейдің отбасына автокөлік кілті табысталды
Sputnik Қазақстан
Спорттық сайысты ұйымдастырушылар құқық қорғау органдарының қаза тапқан қызметкерлерін еске алуға ерекше мән берді 13.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-13T20:52+0500
2025-06-13T20:52+0500
2025-06-13T20:52+0500
полиция
автокөлік
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0d/54641934_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_1b3b16d1e53e874155da6b07a643fb20.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnnik. Полиция күні қарсаңында Ішкі істер министрлігінде халықаралық дзюдо жарысының жеңімпаздары марапатталып, қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан полицей Ғалым Арыстанбаевтың туыстарына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Polisia.kz.Айта кетері, Мәскеуде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне арналған полиция және армия өкілдері арасындағы XIX халықаралық дзюдо турнирі өтті.Жарысқа Қазақстан, Ресей, Түркия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен 26 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, үшінші орынды иеленді.Спорттық сайысты ұйымдастырушылар құқық қорғау органдарының қаза тапқан қызметкерлерін еске алуға ерекше мән берді. Ұйымдастырушылардың шақыруымен жарыстың құрметті қонағы ретінде қызмет бабында қаза тапқан Жамбыл облысы ПД қызметкері Ғалым Арыстанбаевтың жұбайы Әлия Көбегенова қатысты. Күйеуінің ерлігіне көрсетілген алғыс пен отбасыға қолдау ретінде оған автокөлікке сертификат табысталды.
https://sputnik.kz/20230113/aqtauda-politsey-synyptasynyn-qolynan-qaza-tapty-sot-ukimi-shyqty-31090894.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0d/54641934_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_c7e8b1da8fdfb248e7fc8303428918c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, автокөлік
Қаза тапқан полицейдің отбасына автокөлік кілті табысталды
Спорттық сайысты ұйымдастырушылар құқық қорғау органдарының қаза тапқан қызметкерлерін еске алуға ерекше мән берді
АСТАНА, 13 маусым – Sputnnik. Полиция күні қарсаңында Ішкі істер министрлігінде халықаралық дзюдо жарысының жеңімпаздары марапатталып, қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан полицей Ғалым Арыстанбаевтың туыстарына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды
Polisia.kz. Айта кетері, Мәскеуде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне арналған полиция және армия өкілдері арасындағы XIX халықаралық дзюдо турнирі өтті.
Жарысқа Қазақстан, Ресей, Түркия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен 26 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, үшінші орынды иеленді.
Спорттық сайысты ұйымдастырушылар құқық қорғау органдарының қаза тапқан қызметкерлерін еске алуға ерекше мән берді. Ұйымдастырушылардың шақыруымен жарыстың құрметті қонағы ретінде қызмет бабында қаза тапқан Жамбыл облысы ПД қызметкері Ғалым Арыстанбаевтың жұбайы Әлия Көбегенова қатысты. Күйеуінің ерлігіне көрсетілген алғыс пен отбасыға қолдау ретінде оған автокөлікке сертификат табысталды.