https://sputnik.kz/20250613/eki-agasy-birneshe-zhyl-zorlagan-zhambyl-oblysynda-qylmyskerlerge-qanday-zhaza-tagayyndaldy---54636014.html
Жамбыл облысында қарындасын бірнеше жыл бойы зорлағандар сотталды
Жамбыл облысында қарындасын бірнеше жыл бойы зорлағандар сотталды
Sputnik Қазақстан
12 жастағы жасөспірім жүкті болып қалған 13.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-13T18:18+0500
2025-06-13T18:18+0500
2025-06-13T19:49+0500
жамбыл облысы
қылмыс
сот
жаза
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995749_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_8dd459d540136c9510b4f1b68adb3df7.jpg
АЛМАТЫ, 13 маусым – Sputnik. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында ағасының қызын зорлаған екі адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық сот айтты. Қарындасын 6 жасынан зорлады деп айыпталғандар жасөспірімнің әкесінің інілері болып шықты. Қылмыскерлер – ағайындылар. Резонанс тудырған істі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Зорлау" бойынша жабық режимде қарады. Сотталушылардың кінәсі сарапшылардың қорытындысымен, сондай-ақ заттай айғақтармен толық дәлелденген. Сотталушының бірі қылмысты мойындамаған. Ал екіншісі кінәсен толық мойындады. Үкім заңды күшіне енбеді. Еске салайық, былтыр қарашада Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауылда 12 жастағы жасөспірім жүкті болып шықты. Оқушының кең киіп жүргенін бірінші болып мұғалімдер байқаған. Алайда жасөспірім сыр білдірмеген. Полиция тексере келе оқушының 6 жыл бойы зорлық көргенін анықтаған. Оқиға болған ауылға Sputnik Қазақстан тілшісі барып қайтқан болатын. Ауылдағылардың төбесінен жай түсірген жағдай бір отбасындағы ағайындылардың арасында болды.
https://sputnik.kz/20241101/zhambyl-oblysynda-12-zhastagy-qaryndasyn-zorlagan-ekinshi-kudikti-ustaldy-48214228.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995749_375:0:2626:1688_1920x0_80_0_0_a9fbd7bddac5ad56701457cf72373c87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
жамбыл облысы, қылмыс, сот, жаза
жамбыл облысы, қылмыс, сот, жаза
Жамбыл облысында қарындасын бірнеше жыл бойы зорлағандар сотталды
18:18 13.06.2025 (жаңартылды: 19:49 13.06.2025) 12 жастағы жасөспірім жүкті болып қалған
АЛМАТЫ, 13 маусым – Sputnik. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында ағасының қызын зорлаған екі адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық сот айтты.
Қарындасын 6 жасынан зорлады деп айыпталғандар жасөспірімнің әкесінің інілері болып шықты. Қылмыскерлер – ағайындылар. Резонанс тудырған істі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Зорлау" бойынша жабық режимде қарады.
"Сотталушылардың бірі ағасының үйінде тұрақты паналаса, екіншісі келіп-кетіп жүрген. Үйде ешкім жоқтығын пайдаланып қылмыскердің бірі қарындасын 2018 жылғы сәуірден 2022 жылғы наурызға дейін, ал екіншісі 2022 жылғы наурыздан 2024 жылғы қыркүйекке дейін бірнеше рет зорлаған", - дейді сот.
Сотталушылардың кінәсі сарапшылардың қорытындысымен, сондай-ақ заттай айғақтармен толық дәлелденген. Сотталушының бірі қылмысты мойындамаған. Ал екіншісі кінәсен толық мойындады.
"Сот үкімімен қарындасын 4 жыл азғындаған қылмыскер 20 жылға, ал 2 жыл зорлаған қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар екі сотталушыға да кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды өмір бойына атқаруға тыйым салынды. Моральдық шығын ретінде екі сотталушыдан жәбірленушіге 8 млн теңге өндірілді", - дейді Жамбыл облыстық соты.
Үкім заңды күшіне енбеді.
Еске салайық, былтыр қарашада Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауылда 12 жастағы жасөспірім жүкті болып шықты. Оқушының кең киіп жүргенін бірінші болып мұғалімдер байқаған. Алайда жасөспірім сыр білдірмеген.
Полиция тексере келе оқушының 6 жыл бойы зорлық көргенін анықтаған. Оқиға болған ауылға
Sputnik Қазақстан тілшісі барып қайтқан болатын. Ауылдағылардың төбесінен жай түсірген жағдай бір отбасындағы ағайындылардың арасында болды.