Спорт

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

© Photo : пресс-служба Национальной гвардии РКДзюдоистка Абиба Абужакынова
Дзюдоистка Абиба Абужакынова - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 13 маусым – Sputnnik. Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sputnnik Қазақстан.
Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың финалында италиялық Асунта Скуттомен белдесті. Италия өкілі иппон әдісімен жеңіске жетті. Осылайша Әбужақынова әлем чемпионатында Қазақстан үшін тарихи күміс медалді жеңіп алды.
Әбиба Әбужақынова - дзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы. Бұған дейін ол әлем біріншілігінде екі мәрте қола жүлдегер атанды.
Дзюдоистка Абиба Абужакынова - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Әбиба Әбужақынова Қазақстан дзюдосының тарихына енді
Жаңалықтар
0