https://sputnik.kz/20250612/salynyp-zhatqan-uydi-ipotekamen-aluga-tyyym-salynady--zan-prezidentke-zhiberildi-54578506.html
Салынып жатқан үйде жылжымайтын мүлікті ипотекамен алуға тыйым салынады
Салынып жатқан үйде жылжымайтын мүлікті ипотекамен алуға тыйым салынады
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ салынып жатқан тұрғын үйді тек қолма-қол ақшасыз сатып алуға, сатуға болады 12.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-12T11:44+0500
2025-06-12T11:44+0500
2025-06-12T12:13+0500
тұрғын үй
ипотека
баспана
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854152_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_5e296b559eb89434ef42cb8312c2b9e6.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Сенат депутаттары үлескерлердің құқығын қорғауға арналған маңызды заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заңдағы негізгі өзгерістердің бірі – жаңа үйлерде тұрғын үй сатып алуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу. Бұдан бөлек, тағы бірқатар шектеу енгізіледі. Олар.Ал осы талаптарды бұзғаны үшін 7 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. Ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізіледі.Заңда құрылыс компанияларына қойылатын бірқатар талапты жеңілдету шаралары да қарастырылған. Мәселен, көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын толығымен аяқтамай, жергілікті атқару органының рұқсатын алғаннан кейін үлескерлердің ақшасын пайдалануға болады.Ал халықтың мүддесін қорғау мақсатында азаматтарға тұрғын үйді қауіпсіз сатып алу туралы кеңес беру мақсатында үлескерлерді қолдау орталығы құрылады.Бүгін сенат депутаттары заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қарауына жіберді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854152_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_a8ca607b8c8f6de6e82b5e4b394a2dc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй, ипотека, баспана
тұрғын үй, ипотека, баспана
Салынып жатқан үйде жылжымайтын мүлікті ипотекамен алуға тыйым салынады
11:44 12.06.2025 (жаңартылды: 12:13 12.06.2025) Сондай-ақ салынып жатқан тұрғын үйді тек қолма-қол ақшасыз сатып алуға, сатуға болады
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Сенат депутаттары үлескерлердің құқығын қорғауға арналған маңызды заңды мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңдағы негізгі өзгерістердің бірі – жаңа үйлерде тұрғын үй сатып алуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу. Бұдан бөлек, тағы бірқатар шектеу енгізіледі. Олар.
үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатсыз жарнамаға тыйым салу;
салынып жатқан тұрғын үй нарығында үлескерлердің ақшасын тартудың заңдылығын әкімдіктер тарапынан бақылау;
салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйде жылжымайтын мүлікті ипотекамен сатып алуға тыйым салу;
салынып жатқан тұрғын үйді тек қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алу-сату бойынша мәмілелер жүргізу;
тұрғын үй құрылысының ұзарту мерзімін 9 айдан 5 айға дейін қысқарту.
Ал осы талаптарды бұзғаны үшін 7 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. Ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізіледі.
Заңда құрылыс компанияларына қойылатын бірқатар талапты жеңілдету шаралары да қарастырылған. Мәселен, көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын толығымен аяқтамай, жергілікті атқару органының рұқсатын алғаннан кейін үлескерлердің ақшасын пайдалануға болады.
Ал халықтың мүддесін қорғау мақсатында азаматтарға тұрғын үйді қауіпсіз сатып алу туралы кеңес беру мақсатында үлескерлерді қолдау орталығы құрылады.
Бүгін сенат депутаттары заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қарауына жіберді.