Қазақстандағы жүк айналымы 13,6% өсті

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Қазақстандағы жүк айналымы 13,6% өсті
Қазақстандағы жүк айналымы 13,6% өсті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Жазылу
Теміржол көлігімен биыл 6 айда 185,5 млн тонна жүк тасымалданды
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Жүк тасымалының көлемі 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында 455,9 млн тонна жүкті құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңдегі деңгейден 11,9% артық. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы жариялады.
Жүк айналымы да 13,6% өсіп, 229,4 млрд т-км жетті. Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында жүк айналымының ұлғаюы:
Астана - 21,9%;
Алматы - 5,5%;
Атырау облысы - 41,0%;
Жетісу облысы - 38,5%;
Маңғыстау облысы - 26,9% облыстарында байқалды.
Теміржол көлігімен биылғы 6 айда 185,5 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,1% артық. Осы сектордағы жүк айналымы 138,8 млрд ткм құрады.
Автомобиль көлігімен де оң динамиканы көрсетті: жүк тасымалдау 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%, жүк айналымы 44,6% өскен.
Құбыржолы көлігімен 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында 142,9 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,2% артық. Осы сегменттегі жүк айналымы 16,2% артып, 71,8 млрд т-км құрады.
Әуе көлігімен 11,4 мың тонна жүк тасымалданды, өткен жылмен салыстырғанда өсім 12,2%. Мұндағы жүк айналымы 11,9% артып, 26,2 млн ткм құрады.
Теңіз көлігімен жүк тасымалдау көлемі 43,9% артып, 1,6 млн тоннаны құрады. Теңіз секторындағы жүк айналымы 14,7% өсіп, 747,9 млн т-км құрады.
Жүк вагондары - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2025
ЕАЭО-да жүк және жолаушылар тасымалы өсті
Жаңалықтар
0