https://sputnik.kz/20250612/pavlodar-oblysynda-balalar-eki-kun-qarausyz-qalgan-54575977.html
Павлодар облысында балалар екі күн қараусыз қалған
Павлодар облысында балалар екі күн қараусыз қалған
Sputnik Қазақстан
Балалар арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығына уақытша орналастырылды 12.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-12T10:58+0500
2025-06-12T10:58+0500
2025-06-12T10:58+0500
балалар
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54403500_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a3160d255d28f7316dcf0b2fd523e157.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Павлодар облысында балаларын екі күн қараусыз қалдырған ана жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.Екі бала анасының қарауынсыз екінші күн үйде отырғанын полицияға көршісі жеткізген. Ол сондай-ақ балалар 9 және 11 жаста екенін хабарлаған.Балалар арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығына уақытша орналастырылды. Олардың денсаулық жағдайы мен психоэмоционалды жағдайы мамандардың бақылауында.Анасының жүрген жері анықталғаннан кейін куәландыру жүргізілді, оның нәтижесі бойынша оның мас күйде екені расталды.Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін анасы жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ оның мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады.Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыру олардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.
https://sputnik.kz/20250530/onirlerde-buryn-isti-bolgan-20-adam-balalardy-oqytyp-kelgen-54084103.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54403500_175:0:1135:720_1920x0_80_0_0_6a61d970969c785b019e7d0b218f03c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар, павлодар облысы
Павлодар облысында балалар екі күн қараусыз қалған
Балалар арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығына уақытша орналастырылды
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Павлодар облысында балаларын екі күн қараусыз қалдырған ана жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Екі бала анасының қарауынсыз екінші күн үйде отырғанын полицияға көршісі жеткізген. Ол сондай-ақ балалар 9 және 11 жаста екенін хабарлаған.
"Учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері бұл жерге дереу барды. Ақпарат расталды, балалар пәтерде жалғыз болды. Анасы таныстарымен бірге еңбек демалысын тойлап, балаларды қараусыз қалдырған", - деп хабарлады полиция департаменті.
Балалар арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығына уақытша орналастырылды. Олардың денсаулық жағдайы мен психоэмоционалды жағдайы мамандардың бақылауында.
Анасының жүрген жері анықталғаннан кейін куәландыру жүргізілді, оның нәтижесі бойынша оның мас күйде екені расталды.
Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін анасы жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ оның мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыру олардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.