https://sputnik.kz/20250612/ort-sondirushiler-turgyn-uy-tolemderin-alady---zan-maquldandy--54577235.html
Өрт сөндірушілер тұрғын үй төлемдерін алады - заң мақұлданды
Өрт сөндірушілер тұрғын үй төлемдерін алады - заң мақұлданды
Sputnik Қазақстан
Бұдан бөлек, көтерме жәрдемақылар да қарастырылған 12.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-12T11:24+0500
2025-06-12T11:24+0500
2025-06-12T12:21+0500
тұрғын үй
өрт сөндірушілер
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52474107_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ccf364afe20892cd60c71800915c0ba8.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Сенат азаматтық қорғау қызметкерлерінің жағдайын жақсартуға арналған заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Заңға сәйкес, төтенше жағдайларды және апаттарды жоюға қатысатын мамандар, соның ішінде өрт сөндірушілер мен олардың отбасыларына тұрғын-үй төлемдері беріледі. Атап айтқанда, бес адамнан тұратын отбасыға ең жоғары төлем 90 шаршы метрге дейін қарастырылған. Үйді жалға алу мерзімі - 8 жыл. Тұрғын үй төлемдерін тек үш мақсатқа жұмсауға рұқсат. Олар: баспананы сатып алу, үйді жалға алу және ақшаны ипотекаға жинау.Бұдан бөлек, көтерме жәрдемақылар да қарастырылған. Ал басқа жерге көшкен жағдайда жеке мүлікті тасымалдауға кеткен шығындар өтеледі. Заңда ерікті өрт сөндірушілерді қолдау шаралары да бар. Олар жарақат алған немесе ауырған жағдайда өтемақы төлемдерін алады. Айта кетері, осы заңмен адамдар көп жиналатын нысандар мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға беру кезінде өрт бақылауы қайта енгізіледі. Сондай-ақ, ондай нысандардың иелері үшін сақтандыру міндеті болады. Сенат депутаттары бүгін бұл заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.
https://sputnik.kz/20241024/ministr-turgyn-uy-tolemderi-aldymen-kimderge-beriletinin-aytty-48062944.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52474107_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_107e1c7c31a66485e0d4b2913b6b33f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй, өрт сөндірушілер
тұрғын үй, өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер тұрғын үй төлемдерін алады - заң мақұлданды
11:24 12.06.2025 (жаңартылды: 12:21 12.06.2025) Бұдан бөлек, көтерме жәрдемақылар да қарастырылған
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Сенат азаматтық қорғау қызметкерлерінің жағдайын жақсартуға арналған заңды мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңға сәйкес, төтенше жағдайларды және апаттарды жоюға қатысатын мамандар, соның ішінде өрт сөндірушілер мен олардың отбасыларына тұрғын-үй төлемдері беріледі. Атап айтқанда, бес адамнан тұратын отбасыға ең жоғары төлем 90 шаршы метрге дейін қарастырылған. Үйді жалға алу мерзімі - 8 жыл. Тұрғын үй төлемдерін тек үш мақсатқа жұмсауға рұқсат. Олар: баспананы сатып алу, үйді жалға алу және ақшаны ипотекаға жинау.
Бұдан бөлек, көтерме жәрдемақылар да қарастырылған. Ал басқа жерге көшкен жағдайда жеке мүлікті тасымалдауға кеткен шығындар өтеледі.
“Сондай-ақ, төтенше жағдай жарияланған жерде, терроризмге қарсы операция кезінде, төтенше және әскери жағдайда апаттық-құтқару жұмыстарын атқарғаны үшін үш еселенген ақшалай төлемдер қарастырылып отыр”, - дейді сенатор Сергей Ершов.
Заңда ерікті өрт сөндірушілерді қолдау шаралары да бар. Олар жарақат алған немесе ауырған жағдайда өтемақы төлемдерін алады.
Айта кетері, осы заңмен адамдар көп жиналатын нысандар мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға беру кезінде өрт бақылауы қайта енгізіледі. Сондай-ақ, ондай нысандардың иелері үшін сақтандыру міндеті болады. Сенат депутаттары бүгін бұл заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.