Маңғыстауда мас күйде теңізге шомылғандарға айыппұл салынды

© Sputnik / Ксения ВоронинаАқтаудағы Каспий теңізі
Ақтаудағы Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Жазылу
Құқық бұзушыларға қатысты "Су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе сақтамау" бабы бойынша хаттамалар толтырылды
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында түнгі рейд жүргізді, деп хабарлайды Lada.kz.
Тексеру барысында алкогольдік мас күйде суға түскен азаматтар анықталды.
Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу, атап айтқанда түнгі уақытта және алкогольдік мас күйде суға түсуді төтенше жағдайлар және полиция қызметкерлері анықтады.
Құқық бұзушыларға қатысты "Су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе сақтамау" бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Бұл бап бойынша жеке тұлғаларға 7 АЕК (27 524 теңге) көлемінде айыппұл салуды қарастырады", - деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тыйым салынған жерлерде және түнгі уақытта суға түспеуге, құтқару құралдарын қолдануға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында апат болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында апат болды
Жаңалықтар
0