"Даяшы хал үстінде жатыр": Алматы облысында көлік дәмханаға кіріп кетті

Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Жазылу
Көп қан жоғалтқан. Ол Қарасай аудандық орталық ауруханасына жатқызылған
АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Алматы облысы Қаскелең қаласында жеңіл көлік дәмханаға кіріп кетті, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 12 маусымда түнге қарай болған.
"Mercedes Benz жүргізушісі Қаскелең қаласында Абылайхан көшесімен жүріп, рөльөді басқара алмай, жол бойындағы дәмханаға кіріп кеткен. Жол апаты салдарынан кафе даяшысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық іс қозғалды”, - дейді облыстық полиция департаменті.
Зардап шеккен 29 жастағы даяшы Қарасай аудандық орталық ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер жағдайы өте ауыр дейді.
"Көп қан жоғалтқан. Науқастың қан тобы сирек кездесетін топқа жатады. Қазіргі уақытта Алматыға дәл сондай топтағы қанды табу үшін сұраныс жіберілді. Сондай-ақ науқастың аяғы қатты жараланған. Аман алып қалу мүмкіндігін барынша қарастырып жатырмыз, өкінішке орай науқастың денсаулығына өте ауыр", - дейді Қарасай аудандық ауруханасының дәрігерлері.
Автомобиль вылетел на крыльцо магазина - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Оқиға
Павлодарда көлік дүкенге кіріп кете жаздады – апат фотосы
Жаңалықтар
0