https://sputnik.kz/20250612/daqyldardyn-zaqymdanu-deregi-tirkelmegen-shegirtkege-qarsy-17-mln-gektar-zher-ondeldi--54580639.html
Дақылдардың зақымдану дерегі тіркелмеген: шегірткеге қарсы 1,7 млн гектар жер өңделді
Дақылдардың зақымдану дерегі тіркелмеген: шегірткеге қарсы 1,7 млн гектар жер өңделді
Sputnik Қазақстан
Жоспарланған көлемнің 80,1 пайызы өңделді 12.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-12T12:45+0500
2025-06-12T12:45+0500
2025-06-12T12:45+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53688957_107:144:1093:698_1920x0_80_0_0_7449f6284ae49876715ebdeba5500a68.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы алқаптарында үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады министрлік. Бүгінгі таңда жоспарланған көлемнің 80,1 пайызы, яғни 1,7 млн гектар жер өңделді: Жалпы 443 бірлік арнайы бүрку техникасы тартылған, оның ішінде 24 ұшақ, 49 ұшқышсыз ұшу аппараты және 30-дан астам аса жеңіл авиация техникасы бар. Бүгінгі күні аталған өңірлердің барлығында химиялық күрес жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр, ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдану деректері тіркелмеген.
https://sputnik.kz/20250502/shegirtke-qarsy-kureske-50-den-astam-dron-zhumyldyryldy-53103394.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53688957_243:161:971:707_1920x0_80_0_0_05dfbbba274a0d4bbf090ac293f54224.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі
ауыл шаруашылығы министрлігі
Дақылдардың зақымдану дерегі тіркелмеген: шегірткеге қарсы 1,7 млн гектар жер өңделді
Жоспарланған көлемнің 80,1 пайызы өңделді
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы алқаптарында үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп
хабарлады министрлік.
Бүгінгі таңда жоспарланған көлемнің 80,1 пайызы, яғни 1,7 млн гектар жер өңделді:
Түркістан облысында жұмыстар іс жүзінде аяқталды — 371 мың гектардан астам алқап өңделді;
Жамбыл облысында 81,3 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді;
Ақтөбе облысында – 351 мың га;
Қостанай облысында – 345,7 мың га;
Батыс Қазақстан облысында – 177,5 мың га;
Қызылорда облысында – 58,6 мың га;
Қарағанды облысында – 34,2 мың га көлемінде күрес шаралары жүзеге асырылды.
Жалпы 443 бірлік арнайы бүрку техникасы тартылған, оның ішінде 24 ұшақ, 49 ұшқышсыз ұшу аппараты және 30-дан астам аса жеңіл авиация техникасы бар.
"Әлеуметтік желілерде Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында шегірткенің жаппай қаптауы туралы бейнематериалдар таралуда. Әрбір жарияланым бойынша жан-жақты тексеріс жүргіліп жатыр. Мұндай материалдардың көпшілігі фактілермен расталмаған және шындыққа жанаспайды", - деді министрлік.
Бүгінгі күні аталған өңірлердің барлығында химиялық күрес жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр, ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдану деректері тіркелмеген.