Жолдардың қауіпсіздігін бағалайтын ұлттық бағдарлама іске қосылды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚапшағай тас жолы
Қапшағай тас жолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Жазылу
Бағдарлама Халықаралық жолдарды бағалау бағдарламасымен (iRAP) бірлесе жүзеге асырылады
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Жолдардың қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік беретін ұлттық KazRAP бағдарламасын іске қосылды, деп хабарлады көлік министрлігі.
Бұл жөнінде көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев Кавказ және Орталық Азия құрылыс форумының ашылуында жариялады.
KazRAP - жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыру бойынша ұлттық жүйенің негізгі элементіне айналады, дейді министрліктегілер.
"Бағдарлама жолдардың жай-күйін халықаралық әдістемеге сүйене тәуелсіз бағалауды, жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға, инвестициялардың тиімділігіне мониторинг жүргізуді және жол қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық жоспарлауды көздейді", - деп жазылған хабарламада.
Бағдарлама Халықаралық жолдарды бағалау бағдарламасымен (iRAP) бірлесе жүзеге асырылады.
13 мамырдан бастап Шу-Бурылбайтал автожолы ақылы болады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Шу-Бурылбайтал автожолы ақылы болады
Жаңалықтар
0