Қытай төрағасы келесі аптада Қазақстанға келеді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев и Си Цзиньпин
Токаев и Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Жазылу
Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келеді, деп хабарлады Ақорда.
"16-17 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді", - деп жазылған хабарламада.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.
17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші "Орталық Азия – Қытай" саммиті өтеді.
Қазақстан мен Қытай мемлекеттік нышандары - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Қазақстан мен Қытай ортақ тасымал жүйесін құруды жоспарлап отыр
Жаңалықтар
0