Қазақстан полициясы іздеу салған шетелдік Черногорияда ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Жазылу
Ол басқа ЖШС-лерге тиесілі қаражат пен мүлiктi иемденген
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қазақстан полициясы іздеу салған шетел азаматы Черногорияда ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Будва қаласында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия Республикасының азаматы ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың маусымына дейін ер адам Қазақстандағы ЖШС-лердің бірінің директоры бола отырып, пайдакүнемдік ниетпен қызметтік өкілеттігіін асыра пайдаланып, бірқатар алаяқтық әрекет жасаған.
Ол басқа ЖШС-лерге тиесілі қаражат пен мүлiктi иемденген. Келтірілген жалпы шығын бес миллиард теңгеден асады.
В аэропорту Алматы задержали троих иностранцев с поддельными паспортами  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Алматы әуежайында жалған құжат көрсеткен үш шетелдік ұсталды
Жаңалықтар
0