https://sputnik.kz/20250611/biyl-eldegi-polipropilen-ondeu-narygy-28-ga-osti-54568380.html
Биыл елдегі полипропилен өңдеу нарығы 28%-ға өсті
Биыл елдегі полипропилен өңдеу нарығы 28%-ға өсті
Sputnik Қазақстан
2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында зауыт 19 мың тонна өнім сатуды жоспарлап отыр 11.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-11T23:03+0500
2025-06-11T23:03+0500
2025-06-11T23:21+0500
зауыт
өндіріс
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53158853_0:39:740:455_1920x0_80_0_0_df49c79b6f4a29a486c65aa1e44169de.jpg
АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." кәсіпорны биылғы бес айда KPI 175 мың тонна полипропилен өндірді, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ.Комапния мәліметінше, жыл басынан бері отандық полипропилен өңдеу нарығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28%-ға өсіп, 21,3 мың тоннаға жетті.Бүгінде 130 қазақстандық компанияның 60-тан астамы КРІ-дан ай сайын полипропилен сатып алады. Сондықтан KPI өнімі Қазақстанда кеңінен қолданылып, қаптама, құрылыс материалдары, тоқыма және техникалық бұйымдар өндірісінде пайдаланылады. Ішкі нарықтан бөлек, қазақстандық полипропилен Қытай, Ресей, Түркия және Еуропа елдеріне де экспортталады.
https://sputnik.kz/20250203/qazaqstanda-robottar-dayyndaytyn-kasiporyn-payda-bolady-50509110.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53158853_42:0:699:493_1920x0_80_0_0_7650fb63fe06dafcfdcf2542fd0e51ad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, өндіріс
Биыл елдегі полипропилен өңдеу нарығы 28%-ға өсті
23:03 11.06.2025 (жаңартылды: 23:21 11.06.2025) 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында зауыт 19 мың тонна өнім сатуды жоспарлап отыр
АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." кәсіпорны биылғы бес айда KPI 175 мың тонна полипропилен өндірді, деп хабарлады
"ҚазМұнайГаз" АҚ.
Комапния мәліметінше, жыл басынан бері отандық полипропилен өңдеу нарығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28%-ға өсіп, 21,3 мың тоннаға жетті.
"2024 жылы компанияның сату көлемі бір жылда 22,9 мың тоннаны (нарықтың 57%-і) құраған болса, 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында зауыт 19 мың тонна өнім сатуды жоспарлап отыр. Бұл нарықтың 70%-тен астам үлесіне тең. Маусымда ұзақ мерзімді келісімшарттардың үлесі артуы есебінен өнімді ішкі нарыққа сату көлемі рекордтық деңгейге жетеді деп күтілуде", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде 130 қазақстандық компанияның 60-тан астамы КРІ-дан ай сайын полипропилен сатып алады. Сондықтан KPI өнімі Қазақстанда кеңінен қолданылып, қаптама, құрылыс материалдары, тоқыма және техникалық бұйымдар өндірісінде пайдаланылады. Ішкі нарықтан бөлек, қазақстандық полипропилен Қытай, Ресей, Түркия және Еуропа елдеріне де экспортталады.