Астанада баскетболдан әлем чемпионаты өтеді

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуБаскетбол
Баскетбол - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Жазылу
Virtus World Basketball Championship Astana 2025 - интеллектуалды дамуында ерекшелігі бар спортшыларға арналған баскетболдан әлем чемпионаты
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Астанада алғаш рет интеллектуалды дамуында ерекшелігі бар спортшыларға арналған баскетболдан әлем чемпионаты — Virtus World Basketball Championship Astana 2025 өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ауқымды спорттық іс-шара 12-21 маусым аралығында өтеді. Чемпионатқа 11 елден 180 спортшы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан, Израиль, Польша, Аустралия, Италия, Испания, Жапония, АҚШ, Франция, Венесуэла және Португалия командалары бар.
Турнир ерлер мен әйелдер арасында 3х3 және 5х5 форматтарында өтеді.
"Астана бұған дейін де халықаралық жарыстарды жоғары деңгейде өткізген, өзін қарқынды дамып келе жатқан спорт қаласы ретінде танытты. Бұл чемпионат Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда парабаскетболды дамытуға серпін береді", — деді интеллектуалдық дамуында ерекшелігі бар жандарға арналған спорт федерациясының президенті Дина Темірғалиева.
12-15 маусым күндері іріктеу ойындары Астанадағы Триатлон паркте ашық аспан астында өтсе, финалдық кездесулер 17-21 маусым аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-жек" сарайында ұйымдастырылады", - деп жазылған хабарламада.
В Астане почтили память великого поэта Александра Пушкина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Астанада Пушкиннің туған күні аталып өтті
Жаңалықтар
0