Ақтөбеде жүзден аса адам қаржы пирамидасына алданды

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, финансы, Финансовая пирамида
Монеты, финансы, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Жазылу
Олар 197 миллион теңгеден астам қаражат салған
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Ақтөбеде "Harmony Rider Technology" қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
Күдіктілер АҚШ-та тіркелген және электр самокаттарын өндіретін ірі компания ашқанын айтып, азаматтарға жоғары табыс уәде еткен.
Алайда іс жүзінде электр самокаттарын сатумен айналыспаған. Салымшыларға төлемдер тек жаңа қатысушылардың есебінен жасалған.
Салымшыларға салым сомасына байланысты күніне 12-ден 690 долларға дейін төлем ұсынылған. Жаңа қатысушыларды тартқаны үшін қосымша бонус уәде еткен.
"Нәтижесінде 115 адам пирамидаға 197 миллион теңгеден астам қаражат салған", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу кезінде күдіктілер салымшылардың ақшасын OKX крипто әмиянына аударып, одан кейін фиаттық ақшаға айырбастап, банк шоттарына шығарғаны анықталды.
Заңсыз кірістер есебінен Ақтөбе қаласында 2 пәтер мен 3 автокөлік сатып алынып, жасыру мақсатында жақын туыстарына рәсімделген.
Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.
Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздің 6 өңірінде — Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында "HRT" қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін құру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Абай облысында қаржы пирамидасы халықтан 790 млн теңге жинаған
Жаңалықтар
0