Жүзге жуық талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды

© Photo : Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РКОсновной этап ЕНТ начался в Казахстане
Основной этап ЕНТ начался в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Жазылу
Ереже бұзғаны үшін 208 адамның нәтижесі жойылды
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Негізгі ҰБТ басталғалы бері 164 мың рет тест тапсырылды.
Оның ішінде:
талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады;
орташа балл – 65 балл (бес пән бойынша);
ең жоғары балл – 140 балл;
ерекше білім беру қажеттілігі бар 477 талапкер қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 208 адамның нәтижесі жойылды.
Атап өтсек:
тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 98 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 108 адам шығарылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Қатысушылардың 18%-ы "Математика-Физика" комбинациясын, 15%-ы "Биология-Химия", 14%-ы "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған.
Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді.
Жаңалықтар
0