Еңбек инспекциясы Астанада жұмыс уақытын ауыстыруға қатысты өз ұстанымын білдірді

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Жазылу
Жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағаттан аспауы керек
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астанада жұмыс уақытын өзгертуге қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік мекемелер жаңа жұмыс уақытына ауысқан болатын. Атап айтқанда, күннің ерте шығуына байланысты жұмыс кестесі таңғы сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін белгіленді. Ал Астанада көлік кептелісін азайту үшін тура сондай өзгеріс енгізу қарастырылып жатыр.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатиннің айтуынша, еңбек инспекторлары да жұмыс кестесін ауыстыру мәселесін зерделеп, оның адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ екенін анықтаған.
"Ең бастысы, Еңбек кодексінің талаптары сақталуы шарт. Атап айтқанда, жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағаттан аспауы керек. Ал бір аптаның ішінде жұмыс уақыты 40 сағаттан артық болмауы қажет",-деді Әбілхатин үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, жергілікті әкімдік жұмыс режимін өзі бекіте алады.
"Бүгінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де жұмыс кестесін ауыстырып қойған. Біз таңғы сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін істейміз. Астанада жұмыс уақытын өзгерту көлік трафигіне байланысты болып отыр. Негізгі мақсат – кептелісті азайту. Бірақ жұмыс режимін әкімдік белгілейді", - деп атап өтті комитет басшысы.
Жаңалықтар
0