"Атырау – Орал" автожолы жөнделеді

© Public DomainАсфальт, дорога
Асфальт, дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. "Атырау – Орал" автожолын орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ.
"Алдағы уақытта республикалық маңызы бар KAZ12 "Атырау - Орал" автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізу бойынша ауқымды жоба басталмақ", - деп жазылған хабарламада.
Бұл жол батыс өңірінің екі ірі қаласы – Орал мен Атырауды байланыстырады. Жалпы ұзындығы 487 шақырымды құрайды.
Жоба 364 шақырым жол төсемін қамтымақ. Негізгі атқарылатын жұмыстар:
иірімді учаскелерді жою,
топырақты "суық" қайта өңдеу арқылы іргетасты нығайту,
астыңғы және үстіңгі жабынды төсеу,
жолжиекті күшейту,
жол белгілерін орнату,
таңбаларды салу.
Қазіргі таңда қаржы көзі қарастырыып жатыр. Содан кейін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, міндетті сараптамадан өтеді. Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
Қосымша автожолда шұңқырларды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Орташа жөндеу жұмыстарын 2025 жылдан 2027 жылға дейін өткізу жоспарланып отыр.
Биыл 13 мың шақырым жол жөндеуден өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Биыл 13 мың шақырым жол жөнделеді
Жаңалықтар
0