https://sputnik.kzhttps://t.me/sputnik_aitady/24237
Қарауылда болатын мерзімді қызметтегі сарбаздар бейнежетон тағады
Қарауылда болатын мерзімді қызметтегі сарбаздар бейнежетон тағады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Қарауылда және жауынгерлік кезекшілікте болатын мерзімді қызметтегі сарбаздар бейнежетон тағады. Бұл туралы Бас прокурор Берік... 10.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-10T13:02+0500
2025-06-10T13:02+0500
2025-06-10T13:53+0500
sputnik kazakhstan
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Қарауылда және жауынгерлік кезекшілікте болатын мерзімді қызметтегі сарбаздар бейнежетон тағады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Асыловтың айтуынша, ең алдымен әскери бөлімдерде заманауи IT-жүйелермен бейнебақылау орнатылады.Сондай-ақ әскери шақыру және медициналық комиссия отырыстарын аудио-бейне тіркеу, хаттамаларды цифрландыру және оларды шақырылушылардың өздеріне қашықтан қолжетімді ету мәселелері пысықталуда. Бұл — медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтарды мерзімді қызметке шақырудың алдын алады және сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиімді тетіктер бола алады, дейді Асылов.@sputnik_aitady
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
sputnik kazakhstan
Қарауылда болатын мерзімді қызметтегі сарбаздар бейнежетон тағады
13:02 10.06.2025 (жаңартылды: 13:53 10.06.2025) АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Қарауылда және жауынгерлік кезекшілікте болатын мерзімді қызметтегі сарбаздар бейнежетон тағады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Асыловтың айтуынша, ең алдымен әскери бөлімдерде заманауи IT-жүйелермен бейнебақылау орнатылады.
"Командирлерді (далалық жаттығуларда, атыс кезінде, оқу-жаттығуларда) және қарауылдағы және жауынгерлік кезекшіліктегі мерзімді қызметтегі сарбаздарды бейнежетонмен жарақтандыру жоспарлануда. Бұл қызметті өткеру барысында нақты әрі үздіксіз бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде http://armia.kz сайтында цифрлық кеңесші іске қосылды. Сонымен қатар жаңа байланыс арналары енгізілуде — әрбір сарбаз қайда жүгіну керектігін біліп, оған назар аударғанына сенімді болуға тиіс", - дейді Берік Асылов.
Сондай-ақ әскери шақыру және медициналық комиссия отырыстарын аудио-бейне тіркеу, хаттамаларды цифрландыру және оларды шақырылушылардың өздеріне қашықтан қолжетімді ету мәселелері пысықталуда. Бұл — медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтарды мерзімді қызметке шақырудың алдын алады және сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиімді тетіктер бола алады, дейді Асылов.
@sputnik_aitady