"Құрық–Алят–Құрық" бағытында кеме қатынасы іске қосылады

Құрық порты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Жазылу
Кемелер айына 8–9 рет қатынайды
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан туы астында тұңғыш рет "Құрық–Алят–Құрық" бағытында тұрақты паромдық рейстер іске қосылады, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық әкімдігі.
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай "Georgian Industrial Group" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвилимен кездесті. Олар Каспий теңізіндегі паромдық тасымалды дамытуға бағытталған инвестициялық жобаны талқылады.
"Грузиялық инвестор Каспий теңізі арқылы тұрақты жүк тасымалын жүзеге асыру үшін арнайы кемелер сатып алған. Биыл қыркүйектен бастап бұл кемелер қазақстандық MSC Middle Corridor Maritime компаниясының басқаруына өтіп, Қазақстан туы астында алғаш рет "Құрық–Алят–Құрық" бағытында тұрақты рейстерді жүзеге асыруды көздеп отыр”, - дейді ведомстводағылар.
Кемелер айына 8–9 рет қатынайды. Бір кеме бір уақытта 54 фураны тасымалдай алады.
Сонымен қатар 2027 жылға дейін компания флосына жыл сайын екі кемеден тағы төрт паром қосылады. Басқа да паром операторларымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Жаңалықтар
0