Алматыда кәсіпкердің ақшасын жымқырмақ болған бөлім басшысы сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Жазылу
Оған 27 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Қылмыстық іс 20 мамырда Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында қаралды.
"Бөлім басшысы "Suberpro-com" ЖШС өкіліне "Церебралдық сал ауруы" диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шарт жасасуға жәрдемдесемін деп 3,6 млн теңгесін жымқырмақ болған”, - дейді антикордағылар.
Экс-басшы бұдан былай өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік салада қызмет атқара алмайды. Сондай-ақ оған 27 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Антикор төрағасымын: өзін осылай таныстырған атыраулық тұрғын жауапкершілікке тартылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
"Антикор төрағасымын": өзін осылай таныстырған атыраулық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Жаңалықтар
0