Шегірткемен күрес мақсатында 1,4 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиШегірткемен күрес мақсатында 1,4 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді
Шегірткемен күрес мақсатында 1,4 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2025
Жазылу
Биыл 2,1 млн гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Қазақстанда шегіртке зиянкестерімен күрес мақсатында 1,4 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді, деп хабарлайды министрлік.
Биыл 2,1 млн гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күні оның 1,4 млн гектары өңделді.
"Іс-шараларға 443 бірлік арнайы бүрку техникасы тартылған. Химиялық өңдеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Шегірткемен күрес шаралары өңірлер бойынша:
Түркістан облысында күрес шаралары толық аяқталып, 371,79 мың гектар алқап өңделді;
Ақтөбе облысында – 268,12 мың га;
Қостанай облысында – 258,97 мың га;
Жетісу облысында – 51,81 мың га;
Жамбыл облысында – 74,48 мың га;
Батыс Қазақстан облысында – 136,66 мың га;
Қызылорда облысында – 50,01 мың га алқап өңделді.
Қалған өңірлерде жұмыстар жалғасып жатыр.
Саранча - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2025
880 мың гектарға жуық егіс алқабын шегіртке жайлаған
Жаңалықтар
0