Қазақстанда темекі тағы да қымбаттауы мүмкін

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуҚазақстанда темекі тағы да қымбаттауы мүмкін
Қазақстанда темекі тағы да қымбаттауы мүмкін - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2025
Жазылу
Қаржы министрлігінің қазіргі бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі баға 870 теңге
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Қазақстанда темекінің ең төменгі бағасы қайтадан көтерілуі мүмкін.

Қазақстанның қаржы министрлігі ашық НҚА порталында темекінің ең төменгі бағасын көтеру бойынша бұйрық жобасын жариялады.
"Жобаның мақсаты – фильтрлі, фильтрсіз темекіге, папиростарға және қыздыратын темекісі бар өнімдерге ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу", - делінген хабарламада.
Құжатты 19 маусымға дейін талқылауға болады. Қаржы министрлігінің қазіргі бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі баға 870 теңге.
Сигареты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2024
Келесі айдан бастап темекі бағасы тағы 6,5 пайызға қымбаттайды
Жаңалықтар
0