Ғасыр тарихы бар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры жөндеуден өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневҒасыр тарихы бар М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры жөндеуден өтеді
Ғасыр тарихы бар М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры жөндеуден өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2025
Жазылу
Театр қаладағы сәулет және мәдениет ескерткіші болғандықтан, реконструкция кезінде оның тарихи келбеті толық сақталады
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры жөндеуден өтеді.
1981 жылдан бері тұрған театр ғимаратында қазіргі кезде реконструкция жұмыстары басталып кетті.
Жөндеу жұмыстары барысында ескі, тозығы жеткен сахна жабдықтары толық жаңартылады, заманауи жарық және дыбыс жүйелері орнатылады. Театр ғимараты қаладағы сәулет және мәдениет ескерткіші болғандықтан, реконструкция кезінде оның тарихи келбеті толық сақталады.

"Жаңартылған театр қазіргі инклюзивті талаптарға толықтай сай болмақ. Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағдай жасалады. Қонақтарға қолжетімді әрі ыңғайлы бағыт-бағдар орнату үшін нақты шаралар жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Реконструкция аяқталған соң, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры қайтадан өзінің тарихи құндылығы мен дәстүрін сақтай отырып, заманауи талаптарға сай мәдени орталыққа айналады.
Алматыдағы субұрқақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Алматыда 15 жыл жөндеу көрмеген субұрқақ кешендері қалпына келтіріледі
Жаңалықтар
0